ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ТОҚТАМАЙДЫ
«Орта және шағын бизнесті дамыту – жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан да «Nur Otan» партиясы еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып отыр». Бұл жайында Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер айтты.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Ержан Сыдықов, Ақмарал Тельходжаева, Тұрсынхан Ақылбеков пен Жомарт Датқаевтар тұрғындармен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдық жайында түсінік беріп, елдегі ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындар округ ауылдарын табиғи газға қосу және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жоспарлар жайында сұрады.
Аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін құны 5 млрд теңге болатын 11 жобаның құжаттары дайындалғанын айтқан кандидаттар 6 нысанның құрылысына қазынадан қаржы қарастырылып жатқанын, қалған 5 нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүргізілетін жеткізді.
Сонымен қатар, елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған партиялық бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге барлық мүмкіндіктерді беріп отыр.
Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қолжетімді және тиімді несиеге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеуге бағытталған кемінде 10 жобаны іске асыруға, туристік саланы дамыту мақсатында жаңадан қонақ үйлер мен демалыс орындарын, сауда орталықтарын ашуға ықпал ететін болады. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік объектілер саны 11,5 мыңға, ондағы жұмыскерлер саны 15 мыңға жетеді деп күтілуде.
Кездесу соңында үміткерлер ауыл тұрғындарын 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
