Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЕСЕНТАЕВТА ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бақытжан Жұманов пен Нұржан Нұрашов, Динара Тұрғаутова мен Тұрсынхан Ақылбеков Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Есентаев елді мекенінде «ЭКСПРОМТ» кездесу өткізді. Ауылдарда аула-ауланы аралап емес көшеде кездескен сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сан саланы қамтыған негізгі 7 басымдық бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген кандидаттар үнпарақшалар таратты. Ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Жағадан алған жаһандық пандемияға байланысты шектеулер қойылып, іскерлік белсенділігі төмендеуіне байланысты кірісін уақытша жоғалтқан 25 мың азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленсе, 5 500 азаматтың коммуналдық шығыстары өтелген. Одан бөлек 12 453 мүгедек жандарға, 1 474 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 964 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтапаған жұмыспен қамту шарыларына тартылған 5 мың 44 азаматқа әлеуметтік көмек төленсе, 10 129 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.

«Түркістан біргеміз» волонтерлық тобы арқылы 4400 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестіріліп, 100 отбасыға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. 200 мыңнан астам медициналық бетперде мен антисептик тегін таратылды.

Партияның ықпалымен 2021 жылы 2 500 адамды қоғамдық жұмыстарға жолдау, кәсіптік оқуға 153 адам, 725 адамды жастар практикасына, 559 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беріліп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 18 инвестициялық жобаларды іске асыруға 523 млн теңге бөлінді. Мүлік және табыс салықтарынан 1286 салық төлеуші босатылса, құрылыс саласында 895 үйдің құрылысына құнды қағаз есебінен 15313 млн теңге қарастырылған.

Іскер де білікті басшылардың идеяларын бір арнаға тоғыстырып, тынымсыз еңбектің арқасында осындай дәрежеге жеткен партияға қолдау білдірген Есентаев елді мекенінің тұрғындары 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan»-ға дауыс беруге уәде етті.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
135

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЕСЕНТАЕВТА ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz