ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЕҢБЕК МАЙДАНЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕНДЕР ДЕ «NUR OTAN»-МЕН БІРГЕ
Кешегі қанқұйлы соғыста майдангер ата-апаларымыз жауларымен қасық қаны қалғанша шайқасса, елде қалған кәрі-құртаң кемпір-шал мен қатын, бала-шаға да күндіз-түні тынбай еңбектеніп, жеңіс күнін жақындатуға ерлерше үлес қосты. Балалық бал дәурен шағы соғыстың ауыр да азапты жылдарымен тұспа-тұс келген сондай тыл ардагерлерінің бірі Айжамал Иманова апа бүгінде Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат ауылының тұрғыны. Бүгінде есіл еңбегінің зейнетін көріп отырған асыл қазыналы қарт жеңіс туын желбіретуге бар күшін сала жүріп 11 перзентті құтты орындарына қондырған алтын құрсақ аналардың бірі.
Соғыс оты кенеттен лап еткенде жас жеткіншек үлкендермен қатар бейнет кешіп, күн-түн демей еңбек етті. Ауылда апа-анасына күбі пісісіп, май, ірімшік дайындауға көмектесті. Таңның атысынан күннің батысына дейін тынымсыз еңбек етті. Соғыс жылдарындағы есіл еңбегі бағаланып ерен еңбегі үшін бірнеше марапаттарға ие болған. Соғыстан кейінгі қиын-қыстау жылдары да шаруадан қол үзбеген кейуана жоғарғы жақтан талай рет мадақтау алған.
Еңбектері ерлікпен пара-пар тыл ардагерінің үйіне «КАНВАССИНГ» шарасы аясында барған Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев бір ғасыр өмір сүріп келе жатқан батыр анаға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Басымдық берілген салаларға тоқталып, партия құрылған алғашқы сәттерден күні бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстардың нәтижелерін дәріптеді.
Бойындағы күші азайса да ойлау қабілеті мен ақыл-есін жоғалпаған Айжамал әжей теледидар мен радиодан елде болып жатқан жағымды жаңалықтардан қалыс қалмай, хабардар болып отырады екен.
Елбасының төрағалығымен билік пен бұқараны байланыстырып отырған партияға қашан да қолдау көрсететінін айтқан әжей сайлауда отбасымен «Nur Otan»-ға дауыс беруге уәде етті.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
