ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: БІРІНШІ РЕТ ДАУЫС БЕРЕТІН ЖАСТАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев пен штаб мүшелеоі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сүндет Кенжебаев пен Меруерт Даубаева бекітілген жүйелік кестеге сәйкес Мырзакент кентіндегі бірінші рет сайлауға қатысқалы тұрған азаматтарымен, кент тұрғындарымен ZOOM платформалық жүйесі арқылы жүздесті.
Онлайн форматта өткен шарада үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдығына тоқталды. Аталмыш басымдықтар мен бағдарламалардың негізінде ауданның даму алгоритмі жасалғанын жеткізді. Әлеуметтік желі арқылы сайлаушылармен жүздескен үміткерлер 10 қаңтар күні өьетін сайлауда игі істердің бастамашысы болып келе жатқан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
