Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Әділ Жұмаділлаев пен Жасұлан Қолдасов кезекті кездесулерін Достық ауылдық округінің тұрғындарымен өткізді. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес өткен жиында үміткерлер ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, 7 басымдық бойынша алдағы 5 жылда атқарылар жұмыстардың жоспарларына тоқталды. Бірқатар мәселелер бойынша айтылған ұсыныстар мен өтініштерді тыңдап, заңдық кеңестерін берді.

Достық ауылдық округінің тұрғындары құжат туырлауда кездесетін қиындықтарды, анықтама үшін кейде аудан орталығына сабылатындарын алға тартты.

«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы алдағы 5 жылда өңірді дамытудың өзекті мәселелерін қоғамдық кеңесте қарауға бастамашылық етуге және төртінші деңгейдегі бюджетті бөлуде жергілікті қоғамдастықты барынша тартуға, аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға ықпал етуді басым бағыттарының бірі етіп белгілеп отырғандығын жеткізген үміткерлер 2025 жылға дейін электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесі 100%-ға жетіп, ауданның барлық сауда нысандары қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшетінін айтады.

Кездесу соңында айтылған әрбір ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті сала мамандарымен бірге жұмыс жүргізуге уәде берген «Nur Otan»-дықтар 10 қаңтар күні өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
124

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ - Yvision.kz