ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУЫЛДЫҢ АБЫЗДАРЫ ДА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінің тұрғыны Тұрғын Кулетов ақсақалдың шаңырағында болды. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада қос кандидат Тұрғын ақсақалға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, медицина мен білім, әлеуметтік салалар бойынша басымдықтарға тоқталды.
Өз кезегінде елдің, ауылдың дамуы жолында сан салада жемісті еңбек еткен, бүгінде жасы 80-ге таяған абыз қарт «Nur Otan» партиясының атқарып келе жатқан жұмыстарымен таныс екендігін, әрбір жеңісі мен жемісіне тілектес екендігін жеткізді. Ауылдағы ағайынның арасында қадірлі, сыйлы ақсақал 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауында ауыл азаматтарының «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беретіндігін айтты.
