Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДА КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ

«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Досым Асабаев пен Қалмырза Бейсенбаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінің тұрғыны Дауылбай Полатовтың шаңырағында болды. Саналы ғұмырында сан салада елдің дамуы мен өркендеуі жолында қажырлы еңбек еткен ақсақал зейнеткерлік жаста болса да қоғамдық жұмыстардан қол үзбеген, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген ауылдың абыз ақсақалдарының бірі.

Үміткерлер ақсақалға партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдықты таныстырып, басымдықта қамтылған өзекті салалардың жоспарлары айтылды. Болашақ депутаттармен өткен кездесу барысында ақсақал ауыл шаруашылығына қатысты ағын су мәселесін, онлайн оқу барысында қиындық туғызып отырған интернет желісінің нашарлығын ортаға салды.

Дауылбай Полатовтың көтерген мәселелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын, тиісті жұмыстардың қазірден жүргізіліп жатқанын айтқан кандидаттар ауданда қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 1 971 дана, яғни, 30% компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге және шекаралық аймақта орналасқан елді мекендерге соңғы үлгідегі кеңжолақты интернет желісін орнатуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында партиялық бағдарламалардың шапағатын көріп келе жатқан ауыл ақсақалы сайлауда «Nur Otan»-ға қолдау көрсететінін айтты.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
103

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДА КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ - Yvision.kz