Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ПАРТИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты қызу жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Үміткерлер елді мекендерді аралап тұрғындармен жүздесуде.

«Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Жомарт Датқаев пен Тұрсынхан Ақылбеков Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өркен елді мекенінің тұрғыны Рахмет Дүйсебаевтың шаңырағында болды. «КАНВАССИНГ» шарасы негізінде өткен кездесуде қос кандидат еңбек ардагерлерін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қолдау білдіруге шақырды.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім мен ғылымды жанына серік еткен ақсақал зейнеткерлікке шықса да қоғамдық істерден қол үзбей елдегі жаңалықтардан хабардар болып жүреді екен. Педагог, ұлтжанды азамат ретінде өзі де «Nur Otan» партиясының бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асыруға атсалысып келген. Бұл жолы да өзі сенім артқан партияға дауыс беруге ниетті.

«Кеңес Одағы ыдырап, адамдар жейтін нан, ішетін су таппай отырғанда Қазақстанды Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев дамудың даңғыл жолына бастады. Бүшінде ешкімнен кем емеспіз, еліміз тыныш, қарнымыз тоқ. Шүкіршілік етуіміз керек. Әрбір игі бастамада Елбасына демеу болған партияның әлі атқарар ісі көп. Айтылған уәделерін орындап келеді. Сондықтан да мен «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беремін» дейді Рахмет ақсақал.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
147

Еще по теме