ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ – «NUR OTAN»-ДЫ ЖАҚТАЙДЫ
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес бүгін Жамбыл ауылдық округінде ардагер педагог Құралбек Сыдықовпен жүздесті. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтарына тоқталды. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
2000 жылы «Nur Otan» партиясының мүшелігіне өткен Құралбек Сәтбекұлы 42 жыл бір мектепте ұстаздық еткен болса, оның 37 жылында директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Кандидаттармен жүздесу барысында ардагер ұстаз «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолжетімді баспана алу, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту мәселелері бойынша тың бастамалардың қажет екендігін айтады. Сонымен қатар, партиялық жұмыстарға, жергілікті мәслихаттарға білімді де білікті, бастамашыл жастардың іріктеліп, толығып жатқандығын қолдайтындығын жеткізді.
Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептері жоқ Мақтаарал ауданы білім беруде сапаны арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударып отыр.
Бұл бойынша да алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізуге, №10 «Асыл мұра», №31 «Береке», №34 «Бірлік» және №54 «Қ.Әбдалиев» жалпы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын шешуге, қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 1 971 дана, яғни, 30% компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге, шекаралық аймақта орналасқан елді мекендерге соңғы үлгідегі кеңжолақты интернет желісін орнатуға, сонымен қатар, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесін арттыру мәселесін шешуге ықпал ететін болады.
«КАНВАССИНГ» шарасы аясында өткен кездесу соңында үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін сайлауда партияға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
