Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АНА МЕН БАЛА ПАРТИЯНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Сиыр жылының алғашқы күндері – 10 қаңтарда өтетін Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына «Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатының мандатына үміткерлер Гүлмира Орақбаева мен Айгерім Қалыбекова Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Ақ жол ауылының тұрғыны Салтанат Тастанованың үйінде болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында өткен шарада үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі белгіленген 7 басымдықты таныстырды.

Зейнеткер апа кандидаттармен өткен кездесу барысында көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі балалары бар жандардың жағдайын жақсарта түсу керек деген ұсынысын айтты.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға, олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары бойынша 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны 100% қамтамасыз етуге қол жеткізіп, 2021 жылы мүгедек адамдардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, онлайн режимінде көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуді, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетуге ықпал етуді «Nur Otan» партиясының Мақтааарал аудандық филиалы өзінің сайлауалды бағдарламасының «ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН АУДАН» атты үшінші басымдығының «Тең мүмкіндіктер құрамыз» атты бөліміне енгізгенін, бұл бағытта тиісті жұмыстардың бұған дейін де атқарылып келгенін айтқан үміткерлер Салтанат Тастанованы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
152

Еще по теме