Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

«Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Досым Асабаев пен Қалмырза Бейсенбаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Төрткүл елді мекенінің тұрғыны, ауыл биі Акрам Оразовтың шаңырағында болды. Саналы ғұмырында сан салада елдің дамуы мен өркендеуі жолында қажырлы еңбек еткен ақсақал зейнеткерлік жаста болса да қоғамдық жұмыстардан қол үзбеген, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген ауылдың абыз ақсақалдарының бірі.

Үміткерлер ақсақалға партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдықты таныстырып, басымдықта қамтылған өзекті салалардың жоспарларынан хабардар етті. Болашақ депутаттармен өткен кездесу барысында ақсақал ауыл шаруашылығына қатысты ағын су мәселесін айтты.

Акрам Оразов ақсақалдың көтерген мәселелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын, тиісті жұмыстардың қазірден жүргізіліп жатқанын айтқан кандидаттар 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ - Yvision.kz