ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯНЫҢ НАЗАРЫНДА.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Байдуллаев Файзулла Мустафинұлы мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы Абай ауыл тұрғындарымен тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге келген тұрғындар негізінен Сарыағаш қаласындағы көпқабатты тұрғын үй кезегінен негізсіз кезектен алынғандары және Абай ауылынан кезекте тұрған үй іргелік жер беру мәселелерін көтерді.
Ф.Байдуллаев пен А.Жұмабеков азаматтарға көтерген мәселелері бойынша түсініктемелер беріп, партия филиалы тарапынан мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
