kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес​ аудандық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Жұмабеков Ахмет Әбдіраманұлы, аудандық прокуратураның аға прокуроры, 1 сыныпты заңгері Ғалымжан Бейсекулов және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Құралбаевалар аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан соқырлар қоғамының Келес ауданындағы бастауыш ұйымының төрағасы Марат Нахипов пен зағип жандар мен күтушілеріне өтініштері бойынша қабылдау өткізді.

Бүгінгі күнге қолданыстағы заңға сәйкес, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зағиптарға күтушінің бір күнге ​ қызмет көрсететін күтуге бөлінетін уақытын көрсеткен тапсырысы шеңберінде электронды портал арқылы зағип жандар қызмет көрсететін мекемені өздері таңдайды.

Зағип жандар өздеріне күнделікті күтушіге бөлінетін уақытты арттыруды және демалыс күндері де күтушіге сағат бөлуді сұрады.

Аға прокурор Ғ.Бейсекулов пен бөлім басшысы Г.Құралбаева қабылдауға келген азаматтарға күтушіге күніне бөлінген сағатқа күтушінің атқарған жұмысына есеп берілетіні, артық қаржы төленген жағдайда тиісті мекеме басшылары заң алдында жауап беретіні және карантиндік жағдайға байланысты демалыс күндері ешқандай мекеме жұмыс жасамауына байланысты күтушіге қажеттік жоқтығы жайлы түсіндіріп өтті.

А.Жұмабеков әр зағип азамат күтушіге қажетілігі жайлы бір айға мұқтаждықтарын көрсете отырып нақты жоспар жасауды, жоспардың ​ заңдылығы мен тиімділігін прокуратура және бөлім мамандарымен партия филиалында талқыланып, әр зағип жанға аптасына қанша уақыт қажеттігін анықтап, соның ​ шеңберінде тиісті сағат бөлуді қарастыруды тапсырды. ​

Қоғамдық қабылдауға барша қатысқандар осы шешімге келісті.