Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУ.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес​ аудандық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдіраманұлы филиалдың мәжіліс залында Келестің қазыналы қарияларымен биылғы жылы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы бойынша Келестің қазыналы қарияларымен кездесті.

Кездесу барысында А.Жұмабеков өткен сайлауда «Nur Otan» партиясына 79,9 пайыз қолдау білдірген аудан халқына, соның ішінде үгіт-насихаттың басында жүрген Ел қарияларына рахметін айтып, сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихатта 15 депутаттық мандатқа ие болғанын, оның ішінде 27 пайыз әйел азаматтар және 27 пайызы жастар екенін жеткізді.

Келестің абыз ақсақалы, Қоғамдық Кеңес төрағасы Ахмет Мұхамеджанов мәслихаттың жасарғанын және 80 пайыз жаңа тұлғалар енгеніне қуана ризашылығын жеткізіп, ендігі кезекте жаңа және жас депутаттарға тиісті заңдар мен депутаттардың құқықтары жайлы арнайы семинар ұйымдастырып, бағыт-бағдар беру қажеттігін ұсынды.

Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсен, Абай ауылы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ілес Нұртаев, партия ардагерлері Мамадияр Ибраев, Тасбау Полатов ауданда сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағадарламасы елдің көкейінен шығып, партияға сенім артқанына ​ оң баға беріп, партияның фракция мүшелерінің алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, депутаттардың елдің қамы үшін қарқынды да белсенді жұмыс жасайтындарына сеніммен қарайтындарын білдірді.

0
0
192

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУ. - Yvision.kz