Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚҚА ҚАЛТЫҚСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН НҰРОТАНДЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Түркістан облысындағы «Nur Otan» партиясының барлық аумақтық филиалдарының бірқатар қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шара партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, марапат иелерін құттықтады.

«Біздің халықтық партияға деген елдің сенімі уақыт өткен сайын еселеп артып келеді. Бұл кешегі Арыс қаласында, Мақтаарал ауданында орын алған оқиғалармен, сондай-ақ жер жүзін жайлаған коронавирус індетіне байланысты елде жариялағанған төтенше жағдай мен карантиндік режим кезінде нұротандықтардың елмен етене араласып, халықтың игілігі үшін еткен еңбектерінің нәтижесі деп түсінемін. Сын сағаты туғанда көптеген азаматтар өздерінің парасаттылығын көрсете білді. Жан аямай жұмыс істеген жандар «Нұр Отан» партиясында да көп екенін жұртшылық көріп, біліп жүр. Осы тұста, қиындықтарға мойымай, ел үшін еңбек етіп, тер төккен бірқатар азаматтарды «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбектің атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер», – деді Б.Дәулетұлы.

Шара барысында Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауовқа «Халық алғысы» медалі табысталды. Сондай-ақ, партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен облыстық партия филиалы төриағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, облыстық партия филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Мейірқұлов, облыстық партия филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Бекзат Біләлов, «Майқала» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлжан Ғаниева және партияның «Құрмет» грамотасымен облыстық партия филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің консультанты Жеңіс Әлжанов, Ордабасы аудандық филиалының консультанты Ақерке Ерімбетова, Кентау қалалық филиалының эксперті Дархан Алдыбаев, Созақ аудандық филиалының консультанты Ақмарал Омарбекова марапатталды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
462

Еще по теме

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚҚА ҚАЛТЫҚСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН НҰРОТАНДЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ - Yvision.kz