ТҮРКІСТАН: ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ АПТАСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ ♻️
• ТҮРКІСТАН: ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ АПТАСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ ♻️
•
ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның Түркістан облысындағы штабы үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы аптасын табысты аяқтады. Осы уақыт ішінде жоспарланған жұмыстар нәтижелі жүзеге асты.
Үгіт кезеңінің бірінші толқынында облыс бойынша сайлаушылардың басым бөлігін қамтитын 4800-ден астам іс-шарадан тұратын желілік кесте бекітілген болатын. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған кездесулердің 2300-ден астамы өткізіліп, 340 мыңдай адам қамтылды. Осы тұста Түркістан облысы Республикада көшбастап келеді.
Облыстық қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдер өңірдегі еңбек ұжымдары мен білім, денсаулық, спорт және өзге де сала мамандарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын кең көлемде жүргізіп жатыр. Кездесулер бұрынғыдай тек кеңселер мен кабинеттерде емес, мақта алқаптарында, ауылдағы үлкен көше бойларында, жылыжайларда, егістіктерде, базарларда, сауда орталықтарында және зауыттарда өтуде.
Сенімді өкілдер де халықтың ортасынан табылып, ұсыныс пікірлерін тыңдауда. Халықта ашық диалог шығып, өз ұсыныс пікірлерін жеткізіп жатыр. Олар ауылдың, көшенің, елдің мәселелері шешілсе деген орынды ойларын сөз етуде. Түркістандық қоғамдық штабтың 500-ден астам мүшесі үгіт-насихатқа белсенді түрде қатысуда.
Қазірдің өзінде Түркістан облысында 450-ге жуық ұсыныс пен тілек тіркелді. Оның ішінде жұмыссыздық, білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау және әлеуметтік саладағы мәселелер бар. Сондай-ақ, сайлаушылар кандидатқа сәттілік тілеп ізгі тілектерде жолдаған.
Алдағы уақытта барлық ұсыныстар назарға алынып, орындалуына бақылау жасалатын болады. Биылғы сайлау науқанына облысымыздағы БАҚ- да ерекше қолдау білдіріп отыр. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес бүгінгі дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 700-дей ақпарат, әлеуметтік желілерде 12 мыңнан астам пост жарық көрді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
#TOQAEV2022
