ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК: ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК: ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бәйдібек аудандық депутаттығына үміткерлері Оразымбетова Арайлым, Айтуаров Батыр,Ашрафи Бадир, Кенжебаев Бақыт, Нарбек Айдар ауданның сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау жолдары қарастырылғандығы түсіндірілді. Еліміздің болашағы жастарда екендігі, жас спортшылардың жетістігімен, ұсыныс пікірлеріне мән берілді. Бәйдібек ауданының сайлауалды бағдарламасында ✓2021-2025 жылдары Жамбыл, Боралдай, Шақпақ, Шалдар, Бәйдібек ата ауылдарынан спортзал құрылыстарын жүргізуге;
✓Жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
✓спорт саласы бойынша ауылдық жерлерде спорт алаңшаларын көбейтуді қолға алуға;
✓ұлттық спортты дамытуға, ауданда әртүрлі іс-шаралар өткізуге (Ұлттық спорт түрлерінен, қазақша күрес,ауыр атлетика,тоғызқұмалақ,бокс,футбол,еркін күрес,дзюдо т.б) ықпал етіледі;
Нәтижесінде аудан халқын спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 40,0%-ға жеткізіледі.
ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР! партияның басты ұстанымы. Үміткерлер жас спортшыларға елдің атын шығаруға өз тілектерін білдірді. Алдағы 10 қаңтар күні "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
#jenimpazbol
#NurOtan_Baidibek
