ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК: МЫҢБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК: МЫҢБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бәйдібек аудандық депутаттығына үміткерлері Құрманалиева Несіп, Молдабекова Айгүл, Оразымбетова Арайлым Алпысәліқызы Мыңбұлақ ауылына арнайы барып көпбалалы аналармен кездесті. Кездесуде Бәйдібек ауданының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Көпбалалы аналарымыздың халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныс пікірлері тыңдалып, 2025 жылға дейінгі атқарылар жұмыстары түсіндірілді.
✓Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық- түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету- денсаулығын сақтап, оның және отбасының игілігі қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінетіндігі айтылды.
✓халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;
✓демеушілер есебінен (тұрғын-үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;
Нәтижесінде аудандағы күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 25,3%-ға төмендейді.
ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР! партияның басты ұстанымы. Үміткерлерге көпбалалы аналар өз ойларын жеткізіп, Мыңбұлақ ауылына газ мәселесін шешілуіне ықпал жасауды сұрады. Алдағы 10 қаңтар күні "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
#jenimpazbol
#NurOtan_Baidibek
