Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК:"КАНВАССИНГ"-КЕЗДЕСУ

ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК:

"КАНВАССИНГ"-КЕЗДЕСУ

Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Кенехан Асқар Оразханұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Ағыбет ауылынан 18-шақырым қашықтықта Қарт Қаратаудың ортасында,Қожашаянның бойында,Ақбұлақ шатқалында орналасқан Марқұм Әбілхан Бекпенбетов (Абақ) атамыздың шаңырағында болып,ондағы марқұм Әбілхан атамыздың жары,көп балалы Ана,күміс алқа иесі,Тлеуова Әсима апамен кездесіп:" КАНВАССИНГ " - акциясы аясында кездесу өткізді. Апамыз қазіргі таңда қолында мүмкіндігі шектеулі қызы бар екендігін айтып,сол үшін ауылға яғни Алғабас елді мекеніне көшіп келгісі келетіндігін,ол үшін ауылдан үй сатып алғандығын,алайда оның құжаты дұрыс болмай жатқандығын,соған көмек беруін өтінді.Осы кезекте үміткер Апамызды ауданның орталығы Шаянға келуін сұранып,жақсы заңгерлермен кездестіріп,құжатты заңдастыруға көмек беретіндігін жеткізді. Және кездесу барысында еліміздің көшбасшы партиясы - "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып,

Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыратынын,

Демеушілер есебінен (тұрғын үй,азық-түлік пакеттері,қатты отын,нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастырылатындығын,

Мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып,онлайн режимде көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің біріңғай порталын еңгізетілетінін,

және алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

Nur Otan - Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол - еліміздегі саяси жетекші күш!

Жеңістерге бірге жетеміз!

#jasotan_Baidibek

#nurotan_Baidibek

#Men_NurOtan_umitkeri

0
0
195

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК:"КАНВАССИНГ"-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz