Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН: 13 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН Қ.ТОҚАЕВТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысындағы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция өкілдері 90 іс-шараға қатысып, өңірдегі 13 мыңнан астам тұрғынды үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Мәселен, бүгін республикалық қоғамдық штаб мүшесі Н.Әшіров, аудандық штаб мүшелері Б.Абуов, Е. Исақұлов, Е.Буденбаев Қазығұрт ауданындағы «Буденбай-Баба» ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, үміткердің сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Қ.Тоқаевтың бағдарламасымен танысқан сайлаушылар өз сұрақтарына жауап алып, маңызды мәселелерді көтерді.

«Қарапайым жұмысшы адамға мемлекет тарапынан барлық қамқорлық жасалуы тиіс. Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында әділ Қазақстанда шағын, орта және ірі бизнестің кез келген заңды кәсіпкерлік қызметіне лайықты орын қамтамасыз етілетінін атап өтті. Кандидатымыз алға қойған басты міндет – өз елінің нағыз патриоттарынан құралған дені сау, еңбекқор, әлеуметтік қорғалған қоғам құру. Оған жету үшін халықтың қолдауы қажет», – дей келе, Н.Әшіров жиылғандарды сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, қоғамдық штаб мүшелері А.Қабылбеков, С.Сұлтанов, Г.Нұртанова, А.Ұзақова, Ұ.Оразбаева, Г.Ирискельдиев пен Ф.Файзуллаев Сайрамдағы №61 мектептің мұғалімдерімен жүздесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды толыққанды түсіндіріп өтті.

Сенімді өкілдер үміткердің: «Жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 ірі орталық салынады. Атап айтқанда, оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері бой көтереді. Балабақшаларда әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылардан шыққан балаларға және барлық бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі. Біз педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмыстарды жалғастыра береміз. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады. Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады» - деген сөздерін алға тартып, алдағы уақытта да білім саласын дамыту жұмыстары іске асырылатынын айтты.

Ордабасы ауданындағы кезекті кездесу «Сейітбек Әулеті» ЖШС-де өтті. Онда облыстық қоғамдық штабының мүшесі Д.Әбіш, аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ә.Бердімұрат, С.Алтыбаев аталған ұжымға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Д.Әбіш сайлауалды бағдарламадағы ауылшаруашылық саласын дамытудың тиімді бағыттарын атап өтті.

Сондай-ақ, аудандағы «БӨКЕЙ» ЖШС магистральды кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізген Ә.Бердімұрат, сайлаушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді. Іс-шараларға қатысқан штаб мүшелері азаматтарды маңызды саяси оқиғадан тыс қалмай, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Атап өтерлік, барлық аудан және қалада “Есіктен-есікке” акциясы аясында үнпарақтар таратылуда.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#TOQAEV2022 #TURKISTAN

0
0
274

Еще по теме

ТҮРКІСТАН: 13 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН Қ.ТОҚАЕВТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫ - Yvision.kz