ТҮРКІСТАН: 1000-НАН АСТАМ БЕЛСЕНДІ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ
Түркістан облысында 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау кезеңінде келісімшарт негізінде 1000-нан астам белсенді жұмыс істейтін болады. Олардың басым көпшілігін яғни, 60 пайызын өңіріміздегі жұмыссыз жүрген жастар құрап отыр.
Сондай-ақ, оларға бір ай көлемінде жалақы сайлау қорынан төленіп, арнайы киім-кешек, (күртеше, қалпақ, маска, сөмке) тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Еліміздегі мәслихаттар сайлауы алғаш рет Қазақстан үшін жаңа пропорционалды жүйе бойынша өткелі отыр. Осыған орай "Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы белсенділерге арнап, арнайы семинар-тренинг өткізді.
Шараға "Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық "Jas Otan» Жастар Қанатының басшысы Жансерік Жұман және 100-ге тарта кординатор қатысты.
Семинардың мақсаты – алдағы электоралдық кезеңде белсенділердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік желіде жұмыс жүргізу жадынамасын түсіндіру, әдептілік ережелерін сақтауды үйрету.
Семинарда сөз алған Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев белсенділердің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, елде өткелі отырған саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын өткізудің ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
«Үгіт-насихат жұмыстары үш негізгі тәсілмен – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері, сондай-ақ, баспа, дыбыс-бейне және басқа үгіт материалдарын шығару, тарату арқылы жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 00:00-де аяқталады», - деді Бейсен Дәулетұлы.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
