"ТҮРКІБАСЫ" ЖШС КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ.
Бүгін аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері "Түркібасы" ЖШС коммуналдық шаруалығының ұжымымен "Еңбек" заңдылықтарын сақтау, еңбек тәртібі" атты тақырыпта кездесу өткізді. Бұл тақырыпта "Түркібасы" ЖШС коммуналдық шаруашылығын инженер-механигі - Жартыбаев Сакен Сарсенбекұлы өздерінің жалпы тазалық жағынан аудандағы атқарып жатқан жұмыстарын қысқаша айтып өтті. Бұл мекеме аптаның 6 күнінде түзілген күнтізбелік жоспарға сәйкес Түлкібас ауданын күл-қоқыстан тазартып отырады. Мұндағы әр қызметкер өзіне белгіленген функционалдық міндеттемелерін жоғары деңгейде атқаруда. Еңбекақылары өз уақытысында төленуде. "Еңбек" заңдылықтарын сақтау, еңбек тәртібі" қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. "Түркібасы" коммуналдық шаруашылық басшылығына, оның қызметкерлерінің атқарып жатқан оразан зор еңбектері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
