Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТӨРАҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Күршім аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Д.Қажанов "Nur Otan" партиясы Күршім аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдау кезінде Д.Сұраужанов Барақ батыр ауылының көшелеріне тас төселсе, көшелер жарықтандырылса деген өтінішміен, Сарыөлең ауылының тұрғыны Г.Кереуенова Барақ батыр ауылындағы мед.пунктердің қоршауларын темір қоршауға ауыстырса, сондай-ақ Шеңгелді ауылының түрғыны С.Халелов мектеп оқушыларын тасымалдауға газель көлігі берілсе деген өтініштерімен жүгінді.

Қаратоғай ауылының тұрғыны Р.Райымханова ауылды абаттандыру, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу мәселесі бойынша өтініші оң шешімін тапты.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берді.

0
0
127

Еще по теме

ТӨРАҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ. - Yvision.kz