kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ТӨРАҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Жолдыбай "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Тұрғындар тарапынан: жарамсыз күйге түскен жекеменшік тұрғын үйін қалпына келтіруге көмектесу, мемлекеттік актіні өзгерту мәселесі, мүгедектік санатына шығару және тағы да басқа мәселелер қозғалды.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берді.