Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Шардаралық «нұротандықтар» сайлау науқанын қарқынды өткізуде. Кандидаттар халықпен кездесулер ұйымдастырып, үгіт жұмыстарына белсенді кірісуде.

Бүгін жекелеген кандидаттар Жаушықұм ауылдық округіне қарасты Құйған елді мекенінде жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Сайлаушылардың тыныс-тіршіліктерімен танысып, өтініш-тілектерін тыңдады. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді.

Сонымен қатар оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz