ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА
Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ел ішінде кездесулер ұйымдастыруды жалғастыруда. Бүгін кандидаттар аудан орталығында және ауылдық округтерде тұрғындармен дидарласып, әңгімелесті. Кандидаттар кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктерін кеңінен таныстырды. Сонымен бірге кандидаттар тұрғындарды сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Сайлаушылар да өз кезектерінде өтініштерін айтып, кандидаттарға ізгі тілектер білдірді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
