ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА
Шардаралық «нұротандықтар» сайлау науқанын қарқынды өткізуде. Кандидаттар халықпен кездесулер ұйымдастырып, үгіт жұмыстарына белсенді кірісуде.
Бүгін жекелеген кандидаттар Жаушықұм ауылында тұрғындардың үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді.
Сонымен қатар оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
