ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ
Тұрғындарға Партия елдің үмітін ақтап, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіріп, халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтындығын жеткізді.
Сайлауалды бағдарламаны ауыл тұрғындарына насихаттап, сайлаушылар тарапынан түскен түрлі сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде: мал шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, балық шаруашылығын да дамыту, демалыс орындарына баратын жолдарды реттеу сияқты сұрақтар келіп түсті.
Әр азаматтың жағдайы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, партияның білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы тұрғындардың өмір сүру жағдайларын арттыруға күш сала жұмыс істейтіндерін жеткізді.
