ТҰРҒЫНДАРМЕН ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер – Мұрат Мұқаев Зашаған кентіне қарасты «Лидер» дүкенінің аумағында жергілікті халықпен эскпромт-кездесу өткізді.
Алдын-ала жоспарланбаған, ашық кездесу барысында тұрғындар күннің суығына қарамастан, белсенділік танытып, өздерінің көкейкесті сұрақтарын ортаға салды. Бірқатар ұсыныс-өтініштерін де жеткізді. Соның ішінде, Зашаған кентінде орналасқан полиция учаскісі қызметкерлерінің жұмысына бақылау жүргізу және көпқабатты үйлердің ауласына балалар алаңын салу ұсыныстары болды.

«Жәңгір хан -2» көшесінің тұрғыны Мира Төлегенова аумақтағы жол мәселесі мен абаттандыру қажеттілігін жеткізсе, Жәңгір хан 18/2 мекен-жайының тұрғыны Татьяна Фомина «Лидер» гипермаркетіндегі мерзімі өткен тағамдардың қоқыс контейнерлеріне ашықтан ашық лақтырылуына көңілі толмайтындығын айтты.
Мұрат Рахметұлы тұрғындардың ұсыныс-тілектері мен сұрақтарына жауап беріп, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, өз таңдауы арқылы дауыс беруге шақырды.
@nur_otan
#NurOtan
