ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ ДА ШЕШІЛУДЕ
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларға байланысты қойған мәселелерінің оң шешілуіне мүмкіндік жасап келеді. Бұл орайда «нұротандықтар» көмек сұраған жандарға қол ұшын беруден тартынған емес.
Осы мақсатта бүгін Шардара аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындарына тиісті өтініштеріне сәйкес кеңес берілді.
–Партия осы қоғамдық қабылдауды өте орынды жүргізіп отыр. Түйіткілді мәселелерімізді айтып, өтініш жасаймыз. Қоғамдық қабылдау сол мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етеді. Осы орайда «нұротандықтар»-ға алғыс айтамыз,-дейді аудан тұрғындары.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
