Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

"Восток 5" Майқұдық шағын ауданының сауда дүкеніндерінде алдын ала жоспарланбаған ашық кездесу өткізілді. Сауда саттық орны халықтың көп шоғырланған жері екені белгілі. Осындай жоспарланбай өткізілетін жүздесулер көп мәселерге ден қоюға әкеледі. Яғни, тұрғындар тілегі, өтініш, сұрақтары басты назарда болмақ. Осы ниетпен кездескен тұрғындар белсенділік танытып, өздерінің көкейкесті сұрақтарын ортаға салды. Бірқатар ұсыныс-өтініштерін де жеткізді. Соның ішінде, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан оқу жүйесі жайлы сұрақтар мен өз ой-пікірлерін ортаға салды. Майқұдық шағын ауданында қосымша білім беру, спорт, мәдениет ошақтарының қол жетімді болуы жайлы сөз қозғалды. Денсаулық сақтау бағыттары бойынша да өзекті мәселелерге де ден қойылды.

Кездесу барысында қаламыздың осы шағын аудан тұрғындарына "Nur Otan" партия жұмысының негізгі бағыттары және сайлауалды бағдарламасына сәйкес белгіленген Қарағанды қаласын дамытудың негізгі басымдықтары туралы айтып бердім.

2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау додасына депутаттыққа үміткер ретінде өз тарапымнан мемлекетіміздегі хал- ахуал тұрақтылығы, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және алдағы уақытта көзделген бағыттар туралы ақпараттар айтылды. Өзімнің де сайлау алды негізгі бағдарламам жайлы тоқталып кеттім.

“Nur Otan" партиясының қолдауымен бүгінгі таңда білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы қызметтердің сапасын арттыруға арналған бағыттар республика көлемінде кең көлемде насихатталып, жеткізіліп келеді. Осы басымдықтарға тоқтала келе кездесу барысында кей тұстарға мән беруді жөн көрдім.

"Nur Otan" партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолға алуда. Медицина саласы бойынша партияның қадағалауымен 2024 жылға дейін Қарағанды қаласында 3 жаңа емхананың ашылуы көзделуде. Сонымен қатар компьютерлік томография кабинетінің ашылуы мен облыстық онкологиялық диспансерде радиотерапиялық жабдықтың орнатылуына қол жеткізу бекітілді.

Қарағандылықтардың барлық сатыдағы сапалы, заманауи білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін партия бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету бекітілді. Қаламыздағы Пришахтинск және Оңтүстік-Шығыста шағын аудандарында жаңа типтегі мектептер салу айқындалды. Қосымша білім беру аясын кеңейту мақсатында Оқушылар сарайын салу және мектептерді жаңа компьютерлермен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қолға алынатын болады.

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында 2021-2025 жылдар аралығында "Nur Otan" партиясы бастамасымен қаланың спорттық инфрақұрылымын кеңейтуді мақсат етіп отыр. Бұл үшін партия 182 адамды қамтитын 280 спорттық іс-шараны өткізуге және өткізуге жәрдемдесетін болады. "GGG" бассейні бар көп бағытты дене шынықтыру кешенінің құрылысына ықпал ету. 50 метрлік жалықаралық стандартқа сай бассейн құрылысы, жаңа сипаттағы күрес орталығы, көп функциональды жеңіл атлетика манежі, ипподром сонымен қатар жекпе-жек орталығы қаламыздың ең қажетті спорт кешендері қатарына ену көзделгені жайлы ақпарат жеткізілді. Осындай дұрыс шешімдер нәтижесінде қала халқы 75% - ға дейін спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, 175 мың адамды қамтитын болады. Қарағандылықтар бұқаралық спортпен шұғылданады деп күтілуде.

Бұл кездесулер Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Ахметова Индира Әбдиғазимовнамен бірлесе жүргізілді. Барлық қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды.

«Nur Otan» партиясының Қарағанды ​​облысы бойынша сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
154

Еще по теме

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА! - Yvision.kz