ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Аудандықт мәслихат депутаттығына үміткер АЙДАНА ТӨРЕМҰРАТҚЫЗЫ "Үміткерге сұрақ қойыңыз" іс-шарасы бойынша тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Тікелей эфир барысында үміткер тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Мәселен, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету, отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатындығын жеткізді. Аталған сұрақтарға үміткер тұшымды жауап беріп, барша тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырды.
