ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Аудандықт мәслихат депутаттығына үміткер Еркін Жиеналин "Үміткерге сұрақ қойыңыз" іс-шарасы бойынша тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Тікелей эфир барысында кандидат тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Мәселен, ауыл тұрғындары мал жайылатын жайылым жерлердің тарылып бара жатырғандығын айтып шешу жолдарын қарастыруды сұрады. Сонымен қатар ауылдық жерлерге қазірдің өзінде интернет жақсы жүргізіліп жатыр, одан әрі ауыл игілігі үшін жұмыстар атқарыла берсе халық та риза екендігін жеткізді. Тікелей эфирде үміткер сайлауалды бағдарламада жастарға қолдаудың жоғары екендігін де айтып өтті.
