ТҰРҒЫНДАРҒА БАҒДАРЛАМАНЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА
Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Иматов және Ә.Керімбекованың кезекті кездесуі "ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы аясында Жемісті ауылдық округі Жемісті ауылының тұрғындарымен өтті. "Nur Otan" партиясыың жетістіктерін жеткізіп, жоспарларымен бөлістік. Шындығында, осы уақыт ішінде еліміз гүлденді, өркениетті елдермен теңесті. Озық дамыған отыз елдің қатарына ұмтылатын дәрежеге жетті. Партияның алдыңғы сайлаудағы тұғырнамасын жүзеге асыру барысында қыруар жұмыс атқарылып, халық алдында алынған міндеттемелер мен көздеген мақсаттар мерзімінен бұрын орындалғанын халыққа түсіндірдік және тұрғындар жылы лебізбен қабыл алып, алдағы сайлау науқанда " Nur Otan" партиясын қолдайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
