Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.

Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы аудан орталығы Сайқын ауылында салынып жатырған 26 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жасады. Құрылыстың мердігері "Қалдығайты" ЖШС. Құрылыстың мерзімі 4 ай. "Қалдығайты" ЖШС директоры Ерболат Сәрсенғалиев партиялық бақылау тобына құрылыс жүруі барысымен таныстырды. Қазіргі күні 26 үйдің қабырғасы тұрғызылып, 13 үйдің төбесі жабылған. 16 үй кірпішпен қапталып, 15 үйдің терезесі қондырылған. Жұмыстың орындалуы 58%. Бас мердігердің айтуынша құрылыс жоспарлы мерзімінде жүргізілуде, желтоқсан айында пайдалануға берілмекші. Өз кезегінде партиялық бақылау мүшелері құрылысқа қатысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

0
0
215

Еще по теме

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ. - Yvision.kz