Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Партияның алға қойған басым бағыттарын кеңінен сөз етті.Жиынға аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер азаматтар да қатысып отырды. Басқосуды "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат жүргізіп отырды.«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту арқылы олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баспана алу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды.Айта кетейік, Ордабасы ауданында 950 адам тұрғын үй кезегінде тұр.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:2021 жылы Шұбар ауылында 20 пәтерлі 1 үй (335,1 мың ш.м.), Төрткүл ауылында 20 пәтерлі 1 үй (331,1 мың ш.м. салуға);2022-2025 жылы аудан бойынша жалпы бір қабатты 100 тұрғын үй (10 мың ш.м) салуға;2025 жылға дейін 2 елді мекенге инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, жер телімі кезегінде тұрған 5090 азаматтың 1666 жер телімі (33 пайызы) инфрақұрылымымен толық қамтылуына;2023 жылға дейін Темірлан ауылында кәріз жүйесінің жүргізілуіне;545 жеке тұрғын үйлерге толық инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге ықпал етеді.Нәтижесінде 2025 жылы қолжетімді тұрғын үймен 140 отбасы қамтамасыз етіледі және кезекте тұрған 1666 (33%) азамат жер телімі инфрақұрылымымен толық қамтылады.Жиында осы және өзге де мәселелер бойынша сөз қозғалды.

0
0
123

Еще по теме

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ - Yvision.kz