Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНЫҢ БІР ТОП АЗАМАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Егемен еліміздің ең қастерлі мерекесі – Ел Тәуелсіздігін мерекелеу салтанаты, пандемияға байланысты шектеу жағдайында өткізіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп өркендеуіне, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін бірқатар азаматтар марапатталды.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығы бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен Түпқараған аудандық мұражай кешенінің бөлім меңгерушісі Балабаева Айгул Сәрсенғалиқызы;

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қарашадағы Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен

«Түпқараған су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары Аманафесов Әли Тұрарбекұлы;

Таушық ауылы дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Шәудірбаев Ғабит Нұрғалиұлы;

3. «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағымен «Альянс Ойл Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі, Түпқараған ауданы мәслихатының депутаты Озғанбаев Қуанышбай Өмірзақұлы марапатталды.

Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімі негізінде ауданның дамуына ерекше үлес қосқан төмендегі азаматтарымызға «Түпқараған ауданының Құрметті Азаматы» атағы берілді.

Ауылшаруашылық саласының үздігі, Еңбек ардагері Ерғалиев Күзембай;

Тұрғын-үй коммуналдық қызмет саласының ардагері, «НұрОтан» партиясы Ақшұқыр ауылдық бастауыш партия ұйымының төрайымы Қасымова Күләш Шерниязқызы;

Еңбек ардагері Сәтенбай Мырзабай Сәтенбайұлы;

Ішкі істер саласының үздігі, Еңбек ардагері, Тәкенов Абзал Ақмолдаұлына;

«Концерн–ТNS-group» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Жұмағұлов Төкен Танаұлы;

Денсаулық саласының үздігі «Жоламан» жекеменшік клиникасының бас дәрігері Ізтұрова Тәжіхан Собалақызы.

Осы мерекелік шара аясында ұзақ жылдар өз қызметтерімен қоса, қоғамдық негізде қызмет атқарған ардагерлеріміз бен азаматтарға аудан әкімінің атынан алғыс айта отырып, сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, бірқатар азаматтар Маңғыстау облысының және Түпқараған ауданының Құрмет Грамоталарымен, Маңғыстау облысы әкімінің және Түпқараған ауданының әкімінің Алғыстарымен марапатталды

0
0
273

Еще по теме

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНЫҢ БІР ТОП АЗАМАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ - Yvision.kz