ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА ШЫҒАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМ СҰРАНЫСҚА ИЕ
“Asia Milk” деген атауы бар ағарған өнімдерге аймақ бойынша сұраныс артқан. Бұл туралы Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш мәлім етті.
«AGARGAN- сиыр және түйе сүті негізінде "Asia Milk" сауда белгісімен 42 түрлі сүт өнімдерін өндірумен айналысады. "WDOS AGARGAN"ЖШС- ның өндіретін "Asia Milk" отандық сүт өнімдері көпшіліктен қолдау тауып үлгерді. Әсіресе, дәмі тіл үйіретін қаймақ, сүт, қатық, айран, құрт, сүзбелерінің тұтынушылар арасында сұраныс жоғары. Бір тәулікте өнімнің көлемі 50 тоннадан 120 тоннаға дейін жетеді»,- деді Сайран Қылыш.
Қазіргі уақытта зауытта 80 адам қызмет етеді. Жұмысшылардың басым бөлігі ауыл тұрғындары. Өнім Маңғыстаудан бөлек, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай қалаларына да жеткізіледі.
ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
