Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА 776 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру бағыты бойынша жүзеге асырылып жатырған жобалардың бірі Форт-Шевченкодағы Е.Умирбаев атындағы мектепті қайта жаңарту жұмыстары. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы аталған нысанға мониторинг жүргізді. Мектептің ішкі жұмыстары толықтай аяқталды. Соның ішінде өрт су құбыры, электр жүйелері, санфаянс орнату жұмыстары 100 % аяқталды. Ендігі кезекте желдету жүйесі, витраждар және резервуар бойынша жұмыстар жүруде. Аталған жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

2
0
112

Еще по теме

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА 776 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ. - Yvision.kz