Түн оралса, сырласам айымменен...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Эльдар Мансуров «Dönməz daha gedən qatar»
Бейнематериал авторы – LiLoveLi
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстграмм – aikosmuz
Түн оралса, сырласам айымменен,
Тағдырымыз ұқсас қой, соны білем.
Сенде жалғыз, менде жалғыз, кім білген,
Өмірімнің өтерін, сырласумен.
Ата-бабам білгендей, есіміме,
Айдың гүлі боларсың, деген екен.
Бұйрық пе екен, тағдырдан өміріме,
Салып қойған түнгі айды, көңіліме.
Шаршайсың ба тыңдаудан, мұңдарымды,
Тығыласың бұлттардың, ар жағына.
Тоқтай тұршы, айтарым бар, асықпа,
Сені күтем, бәрібір, таң атқанша.
Айтасың-ау, сен маған, ойнаймын деп,
Көтеріңкі, бүгін сенің көңілің.
Әйтеуір тұрғандайсың, іздеп себеп,
Маған ғана, мәлім ғой, үнсіз сөзің.
Амал қанша, сен аспанда, мен жерде,
Бірде күліп сөйлеймін, бірде өксіп.
Бар ғой сабыр, түнгі айым, білем сенде,
Бірақ маған, ренжімессің, мен пенде.
