Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮЛКІБАСТА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - А.Айдарбеков Түлкібас ауданында сайлаушылармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

ҚАУІПСІЗ АУДАН

Түлкібас ауданы – барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймақ.

«Nur Otan»партиясының міндеті – ауданды өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Браконьер», «Барымташы», «Автобус», «Құқықтық тәртіп» профилактикалық шараларын өткізуге;

 Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылына16 бейнебақылау камераларын(бүгінгі таңда 2 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді) орнатуға;

 2021 жылы4 ауылдық округте(Майлыкент, Мичурин, Түлкібас, Састөбе), 2022 жылы5 ауылдық округте(Шақпақ, Жабағылы, Жаскешу, Машат, Ақбиік), 2023 жылы3 ауылдық округте(Кемербастау, Рысқұлов, Келтемашат) жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатуға;

 2021 жылы Кершетас ауылында 10,1 шақырымдық 135 дана, Түлкібас кентінде 4,78 шақырымдық 149 дана бағаналарды ауыстырып, 7 елді мекенге (Қызылту, Кершетас,Амангелды, Енбек, Көкбұлақ, Жабағылы,Түлкібас) жаңадан 7 дана трансформатор орнатуға;

 тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;

 өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге;

 жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстауға;

 ғылыми-сарапшы мамандарды тарта отырып, өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер ететін факторларды анықтау, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен негіздемелер әзірлеуге;

 тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;

 ішкі істер қызметкерлерін қазіргі заманауи құралдарымен жабдықтауға (7 автокөлік, 60 бейнетіркегіш, 25 GРS навигациялық жүйе, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері үшін 60 радиостанция);

 алдыналу шаралары және құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүйелі орындауға ықпал етеді.

0
0
199

Еще по теме

ТҮЛКІБАСТА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz