"ТҮЛКІБАС ЖОЛДАРЫ" ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Бүгін үміткерлер «Түлкібас жолдары» ЖШС ұжымымен экспромт-кездесулерін өткізді. Кездесу барысында «Түлкібас жолдары» ЖШС ұжымының назарына партияның Сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Біздің жеке сайлауалды бағдарламасыз бар. Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындап, нақты міндеттерді қамтиды. Олардың 100%-ы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар толығымен орындауға бағытталған атап өтті. «Түлкібас жолдары» ЖШС келетін болса бұл мекеме 19.01.2001 жылы құрылған болатын. Қызмет түрі азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласы болып табылады. Аталмыш мекемеде 80 жуық адам жұмыс істейді. Қазір қыс мезгілі болуына орай жұмыстары тоқтап тұр. «Түлкібас жолдары» ЖШС жұмысшылары 2021 жылдың 10 қаңтарында өз таңдауларын жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.
