Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ТҮЛКІБАС" БПҰ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Бүгін аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері «Түлкібас» БПҰ мүшелерімен «Түлкібас станциясының өзекті мәселелері» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары қ.Еркебаев алдағы 2021 жылдың 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары арасында сайлау өткізіледі. Соған ауданның атынан дауыс беретін Түлкібас поселкесі сайлаушыларының құрамын ретке келтіруді айтты. Өткен айларда Елбасы тапсырмасымен «Біз біргеміз» Республикалық қоры атынан Қазақстан Республикасы бойынша 7 санаттық топқа енетін әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 100.000 отбасыға 50.000 тг материалдық көмек көрсетілді. Осы бойынша Түлкібас поселкесі әкімшілігіне көмекке келген мұқтаж азаматтардың алдында мейлінше қарапайымдылық танытып, дұрыс мәлімет, ақпарат жеткізе білу керектігі айтылды. Сонымен бірге Түлкібас теміржол станциясының маңайында участкелік инспекторлармен тығыз байланыс орната отырып, тәртіпті сақтау жүйесінің күшеюі қолға алынуы тиіс. Түлкібас поселкесі әкімінің орынбасары А.Қамытбеков жиын барысында Түлкібас кентінің тұрғындары Жамбыл мен Б.Момышұлы көшесіне жолына жасалған күрделі жөндеу жұмыстары алғыстарын білдіріп жатқандығын қуана жеткізді. Жиын соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев коронавирус індетінің толығымен елімізден жойылмағандығын ескере отырып, сақтану шараларын ұмытпау керектігін ескертті.

0
0
191

Еще по теме

"ТҮЛКІБАС" БПҰ КЕЗДЕСУ ӨТТІ. - Yvision.kz