ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ БІР АПТАДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Жалпы бекітілген желілік кестеге сәйкес жоспарланған жалпы 250 іс-шараның қазіргі таңға 150-ге жуығы өткізіліп, 32 мыңнан астам сайлаушыға кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Одан бөлек, «ҮГІТ» кезеңінде 83 іс-шара өткізу жоспарланған. Осы аптаның қорытындысы бойынша 29 кездесу өтіп, 8 мыңға жуық адам қамтылды.
Сондай-ақ, штаб мүшелеріне сайлаушылардан 50-ден астам ұсыныс-тілектер келіп түсті. Мұнан бөлек сайлаушылар кандидат Қ.Тоқаев штабының сайтына электронды нұсқада өз ұсыныс және тілектерін жолдауда.
Сонымен қатар, сенімді өкілдер аудандағы шалғай ауылдарда, елді мекендерде болып, еңбек ұжымдарымен, білім, денсаулық, спорт және өзге де сала мамандарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын кең көлемде жүргізіп келеді. Кездесулер еркін форматта ұйымдастырылып жатыр. Халық ашық диалогқа шығып, өз ұсыныс және ой-пікірлерін жеткізуде. Ауылда, елде атқарылуы тиіс мәселелерді сөз етіп, шешілу жолдарын ұсынуда. Сондай-ақ, халықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат Қ.К.Тоқаевқа деген ізгі тілектерін білдіріп, сайлауда қолдау білдіретіндерін айтуда.
Аудандық «Жастар рухы» белсенділері тарапынан аудандағы 13 қала, ауылдық округтеріндегі рұқсат етілген орындарға үгіттік баспа материалдары орнатылып, тұрғындарға таратылуда.
Сайлау науқанына аудандағы БАҚ мен әлеуметтік желі белсенділері де ерекше қолдау білдіріп отыр. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес жаңалықтар, түрлі форматтағы жаңа медиа-құралдар арқылы тұрақты жарық көруде.
«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі
#TOQAEV2022 #TURKISTAN
