«ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАҢА ҰСТАНЫМДАР»
2019 жылдың 21 қаңтарда Сырым ауданы Жымпиты ауылында Батыс Қазақстан облысындағы білім бөлімдері мамандары және әдіскерлерінің қатысуымен облыстық үлестірмелі семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. «Білім» бағыты бойынша Жобалық топтардың қызметіне тоқталып, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының алдағы жұмыс жоспарын ұсынды.
Сонымен қатар, семинар-кеңеске Орал қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі, БҚО дін істері басқармасы, БҚО полиция департаменті,БҚО оқу-әдістемелік кабинеті, «Шанс» орталығы өкілдері қатысып, тұлғаны қалыптастыру мәселелері бойынша баяндамалар оқыды.
Шараның екінші бөлімінде аудан мектептері, қосымша білім беру ұйымдары іс-тәжірибелерімен бөлісті.
