Тұлғалық дамудың ең үздік жолы
Адам дүниеге тұлға болып келмейді, өзінің өмірі барысында тұлғаға айналады. Тұлғаның дамуы кең мағынада - бұл бір күйден екінші күйге ауысу процесі. Адамда бүкіл өмірінің барысында сандық және сапалық өзгерістер болып жатады. Қоршаған дүниені, шындықты үлкендердің көмегімен жүзеге іс-әрекет арқылы меңгеретін бала үшін оқыту және тәрбиелеу үрдісі тұлғаның дамуының жетекші күші болады. Бұдан шығатын қорытынды баланы жақсы тұлға қылып тәрбиелеу үшін бала кезінен ата-анасы үлгі-өнеге көрсете білуі тиіс.
Шетел педагогикасында және психологиясында тұлға дамуының 3 басты жолы бар деп есептелінеді. Олар: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік.
Биологиялық даму жолының өкілдері З.Фрейдтің тәжірбиесін ұстанып, тұлға табиғи нәрсе, оның бүкіл іс-әрекеті, қажеттіліктері оған табиғаттан берілген деп есептелінеді. Адам қоғамға тәуелді бола отырып, өзінің табиғи қажеттіліктерін басып отырады. Оны білдірмеу үшін адам «маска киеді», өзінің қажеттіліктері өтелмегені үшін, бір іс-әрекетпен айналысады. Қоғамда болып тұратын құбылыстар (митинг, революция, көтеріліс) жай адамдарға тән, өйткені оларда туғанынан біреуге басымдық көрсетуге, қаталдыққа деген құмарлық болады деп есептелінеді.
Биоәлеуметтік даму жолын ұстанушылар психологиялық үрдістерді биологиялық табиғатқа жатқызады да, ал адамның қызығушылықтары, өз-өзін дамытуы, өз-өзіне мақсат қоя білуін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады.
Баланың дамуына тағы бір маңызды фактор - ортаның үлкен әсері бар екені түсінікті. Адамның ортасы қандай болса өзі де сол бағытпен жүріп отырады. Жақсы адам болып дүниеге келу әрине қуанарлық нәрсе, дегенмен жақсы тұлға болып қалыптасу ол адамның достарына, қоршаған ортасына тікелей байланысты болып келеді. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін тағы бір фактор - бұл тәрбие. Жоғарыда айтылған факторларға қарағанда оның әсері мақсатты бағытталған, саналы сипатта болады. Тәрбиенің тұлғаның дамуының факторы ретіндегі ерекшелігі, оның халықтың, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарына әрдайым сәйкес болатындығында. «Тәрбие тал бесіктен» деп қазақ бекерге айтпаған.Отбасы шағын мемлекет. Бала отбасында қандай тәрбие көрсе өскенде сол көргенін жасайды.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтікте, белгілі-бір материалдық жағдайлар жасау қажет деп ойлаймын. Ол үшін:
1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп , дамытып отыру қажет. Білім мен тәрбие ғана адамды жақсылыққа итермелеп, адам болып қалыптасуда үлкен роль атқарады.
2. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін қүру: клубтар, мәдениет, сарайлары кітапханалар т.б. ұжымды ұйымдастыру керек. Қазіргі заманда көп балалар ғаламтор желісінде ғана отырып, қоршаған ортамен байланысын үзіп жатады. Ал ондай бала ашуланшақ болып өседі. Сол үшін де мәдениет үйлері, аула клубтары көп болса баланың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалады деген ойдамын.
3. Жастардың деңсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесімен күн сайын айналасуын насихаттау керек. Спортты екінші досы еткен бала жамандыққа бет бұрмайды деген ойдамын. Әрине әрбір адам әртүрлі. Дегенмен спорттық секцияларды көбейтсек қоғам үшін айтарлықтай жақсы болар еді.