kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

СЫРЫМ ЕЛІ ЕРІКТІЛЕРІНІҢ АТҚАРҒАН ИГІЛІКТІ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Өткен жыл өте ауыр болды, корновирус инфекциясына байланысты көптеген қиындықтар туындады.Президентіміз сондай ауыр жыл болатынын алдын ала сезгендей 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялап қойғаны қалай. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» дегендей аудан халқы жұдырықтай жұмылып жұт секілді келеңсіз індеттің өршуіне жол бермеді. Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлердің жұмысын үйлестіріп отыратын «Birgemiz»

фронт-офисы жұмыс атқарды, аудандарда соларға қажет ақпараттарды жинақтап сұраныстарға қарай жұмыстарды жүйелеп үйлестірген негізінен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен ресурстық орталықтың мамандары болды. Жалпы «volunteer 07.kz» сайтына ауданнан 485 ерікті адам тіркелген, оның ішінде жастар мен елу жастан асқан өмірдің талай сынағынан өткен азаматтар, жеке кәсіпкерлер,азаматтық қоғам белсенділері де бар. Жыл басында “Birgemiz”: жобасы аясындаеріктілер елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай құзырлы органдар қызметімен бірлесіп күндіз және түнгі рейдтерге шығып, адамдар көп шоғырланатын орындарда карантин ережесін сақтау жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді. «Жүрек жылуы» еріктілер тобы мұқтаж жанұяларға азық-түлік пен киім-кешек таратып көптеген қайырымдылық бағытындағы шаралар өткізді. Волонтер жастарымыздың ұйымдастыруымен Бұлдырты ауылында «Шын жүректен» атты қайырымдылық концерті өтіп, жиналған қаражатқа Гүлбану Шығанақованың үйі көгілдір отын желісіне қосылды. Короновирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайға орай меценаттардың жолдаған 18 оттегі концентраторы аудандық ауруханаға табысталды. 4000-ға жуық бетперде дайындалып үлестірілді, көмекке мұқтаж 468-ге жуық отбасына жеке кәсіпкерлер мен еріктілердің жолдаған түрлі көмектері үлестірілді, сондай-ақ азаматтық орталықтардың ауруханаға жолдаған медициналық күнделікті тұтынатын тауарлар, дәрі-дәрмектер, арнайы халаттар, санитарлық залалсыздандыру заттармен қатар 750 литр ауыз-су жеткізді,сонымен қатар бекеттегі қызметте тұрғандарға ыстық тамақ апару шаралары өткізілді. «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі белсенділері аудандық мониторингтік топ құрамында дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізуге қатысты. «Сырым елі» газетінің бастамасымен анасы аурушаң әрі тұрғын үйге мұқтаж жас Алтынбек Құрманғазиев деген азаматқа тұрғын-үй, жиһаздарымен қоса алынып берілді. Өлеңті ауылында көмекке мұқтаж Қойшығалиева М. баспанасына жылу жүйесі жүргізіліп, үйі көгілдір отынға қосылды. «Ел құдығы» жобасы бойынша еріктілер 3 тұрғын үйді ауыз сумен қамтыды. Волонтерлар Ұлы Жеңістің мерейлі 75 жылына орай ресейлік «ОБД Мемориал» электронды мәліметтер базасына 571 Ұлы Отан соғысына қатысушы жерлес жауынгерлердің дерегін фотосуреттерімен қоса тіркеді.Бұл дегеніміз майдангер атасы туралы ақпарат іздеген адамдарға үлкен көмек. Сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасы негізінде ауыл азаматтары мен мектеп түлектерінің қайырымды ісі арқасында құны 14 млн.790 мың теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асты. Жыл соңында үздік волонтерлар мен мұқтаж жандарға көмек қолын созған жеке кәсіпкерлерді марапаттаған «Жомарт Жүрек» және «Жыл үздігі – 2020» жастар премиясының салтанатты кеші өтті.Жалпы қиыншылықтар қос өкпеден қысып, тұншықтыра жаздағанда аудан халқының «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» демекші елдің азамат, азаматшаларының ауыдастарына қамқор болып күш біріктіре білгендеріне риза болғандықтан «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей осы ақпарды жариялап отырмын. Жоғарыда С.Датұлы бабамыздың сөзін алғышарт ретінде жәй әншейін қоя салған жоқпын ханды айтпағанда «халық көл» деп тұр, шынымен үлкен істер «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей біртұтас көлдей, көп халықтың бірлігінің арқасында тындырылады.Биылғы жылы да жоғарыдағыдай атап өтілген жұмыстар жалғаспақ. Аудан жастарының көшбасшылары Н.Болат пен С.Мұса биылғы жылы да қайрымдылық бағытында іс-шара ұйымдастырмақ, менде ел ағаларының бірі ретінде сол жалынды жастардың бастамаларына өзіндік үлесімді қосуды азаматтық парызым деп білемін.