СЫНДАРЛЫ САЯСАТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ.
СЫНДАРЛЫ САЯСАТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
«NurOtan» партиясы елдің саяси өміріндегі өзінің басым рөлін сақтауға ниетті. Осы орайда, біз адамдардың бәріне бірдей игілік пен ортақ шешімге жету үшін белсенді саяси үндесуге дайынбыз. Сындарлы пікір алмасу және ой бөлісу, өзара тиімді ынтымақтастық – қоғамның өркендеуінің кепілі.
Біз Елбасы ұстанған бағыт-бағдардың төңірегіне ынтымақтасуға, бірігуге үндейміз. Еліміздің әрбір азаматын өз болашағын қазірден бастап қамдауға шақырамыз. Біз үшін әр азаматтың әлеуеті, қуаты, болашаққа деген сенімі мен білімі Қазақстанды дамытуға бағытталғаны маңызды.
Біз биліктегі өз халқына және өз еліне адал қызмет етуді мақсат етіп отырған партияластарымызды бірауыздан қолдаған кезде ғана дәулетті де сәулетті тұрмысқа қол жеткізе аламыз.
Сондықтан да, бірлігі мен берекесі тасыған, өзгелерге ынтымағымен үлгі бола білген Мақтааралдық еңбеккер жұртшылық Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміз, «NurOtan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевты қолдауға әрқашанда дайын!
АСАБАЕВ Досым Тұрғанбайұлы,
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
