Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ҚАБЫЛДАМАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫРУХАНИЛЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК»

2019 жылдың 10 сәуірде Қазақстан халықтары Ассамблеясының Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде діни конфессиялар өкілдерімен «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық пен адамгершілік» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Диалог алаңы жұмысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатырған жұмыстарға және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар, шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Қонысбаева, Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары,діни конфессиялар өкілдері және медресе шәкірттері қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің адамгершілік негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда діни ұйымдардың рөлі талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді.

«ҚМДБ» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы «Тәжиден Батырұлы мешітінің» наиб имамы Н.Убаев, «Қазақстандағы Православиелік Шіркеуінің Орал және Ақтөбе Епархиясы» аймақтық діни бірлестігінің басқарушысы, Орал және Ақтөбе Археипископы Владыка Антоний, «Христиан-пресвитериан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы С.Крайникова, Орал қаласындағы «Қасиетті құдай ана қажырлы жәрдем» Рим-Католик Приходының настоятелі Немец Лукаш Францишек және Орал медресесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Рахманов өз ойларымен бөлісті.

Шара соңында қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, діни бірлестіктер өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

1
0
399

Еще по теме

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ҚАБЫЛДАМАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫРУХАНИЛЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК» - Yvision.kz