«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БІРЫҢҒАЙ САҒАТЫ»
9 желтоқсан БҰҰ шешіміне сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні» болып белгіленген.
2017 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен Назарбаев университеті бірлескен «Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында телекөпір өткізді. Телекөпірде еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» өткізу бастамасы жарияланды.
Осыған орай, 29 қараша сағ.10.00-де Батыс Қазақстан облысының барлық университеттері, колледждері мен мектептерінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бірыңғай сағаты» ұйымдастырылды.
Іс-шаралар әртүрлі форматтарда ұйымдастырылып, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.
Шаралар барысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы бейнеролик көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
